Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы әкімдігінің 06.05.2020 № А 5/249 (ресми жарияланған күннен бастап қолданылысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық испекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 03-06-91 ұсынысының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысының аумағында карантин режімін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 27 ақпандағы № А-3/61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4080 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылдың 22 сәуірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақмола облысының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, зақымданған алқаптар көлемінде Ақмола облысының аумағында карантиндік арам шөп – жатаған (қызғылт) кекіре бойынша карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Я.Каппельге жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Мырзалин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № А-6/234 қаулысына қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № А-3/61 қаулысына қосымша |
Ақмола облысы аумағындағы карантиндік арамшөп - жатаған (қызғылт) укекіремен залалданған жерлердің көлемі
№ р/р | Аудандардың атауы | Қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдардың атауы | Залалданған жерлердің ауданы, гектар |
1 | Ақкөл | Новорыбин ауылдық округі | 582 |
2 | Астрахан | Первомай, Астрахан, Ұзынкөл, Есіл, Николаев, Острогор ауылдық округтері | 9795,99 |
3 | Атбасар | Атбасар қаласы, Сергеевка ауылдық округі | 324,9672 |
4 | Аршалы | Жібек Жолы ауылдық округі | 618 |
5 | Бұланды | Ергольск ауылдық округі | 782 |
6 | Егіндікөл | Абай, Алакөл, Буревестник, Егіндікөл, Коржынкөл, Ұзынкөл ауылдық округтері, Бауман ауылы | 13119,05 |
7 | Есіл | Бұзылық, Жанаспай, Двуречный, Қаракөл, Красивинский ауылдық округтері, Красногор кенті, Ақсай, Курский, Раздольный ауылдары | 16762 |
8 | Еңбекшілдер | Мамай ауылы | 864 |
9 | Жарқайың | Державинск қаласы, Уәлихан, Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный ауылдық округтері, Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львовское, Пригород, Пятигор, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл, Үшқарасу ауылдары | 82947 |
10 | Жақсы | Жаңақима, Новокиенка, Қызылсай, Запорожье, Ешім, Терісаққан ауылдық округтері Белағаш, Подгорное ауылдары | 16348,977 |
11 | Сандықтау | Барақпай, Белгород, Васильев, Жамбыл, Сандықтау, Мәдениет, Широков, Веселов, Максимов ауылдық округтері | 5193 |
12 | Қорғалжын | Қорғалжин, Кенбидайык, Арықты, Коммуна, Қызылсай, Амангелді, Сабынды, Карашалғы ауылдық округтері | 26331 |
13 | Зеренді | Троицк, Зеренді, Күсеп ауылдық округтері | 414 |
14 | Шортанды | Раевка, Новокубанка, Бектау, Пригородный, Петровка, Андреевка, Новоселовка, Бозайғыр, Дамса ауылдық округтері | 18719,6 |
15 | Целиноград | Ақмол, Шалқар, Мәншүк, Краснояр, Рахымжан Қошқарбаев, Родина, Оразақ, Максимовка, Новоишимск, Нұресіл, Софиевка ауылдық округтері | 35618,2 |
Барлығы: | 228 419,7842 |