Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 15.11.2017 № а-11/543 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2017 жылға арналған Степногорск қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М.Әбіловаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Степногорск қаласының әкімі |
Ә.Күмпекеев |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 03 сәуірдегі № а-4/164 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған Степногорск қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-атаның ақы төлеу мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Жан басына шаққандағы айлық қаржыландыру мөлшері (теңге) | Ата-аналардың айлық төлемінің мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
1 | Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы "Нұршуақ" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 280 | 23869,7 | 10000 | 23869,7 |
2 | "Степногорск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы инклюзивті білім беретін "Балауса" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 220 | 23869,7 | 10000 | 23869,7 |
3 | "Дарын" жеке балабақшасы "ДС-Дарын" ЖШС | 200 | 23869,7 | 15000 | 23869,7 |
4 | "Сказка" жеке балабақшасы ДК Лагута Светлана Васильевна | 165 | 22779 | 17000 | 22779 |
5 | "Асыл" жеке балабақшасы ДК "Бексултан" | 75 | 23869,7 | 18000 | 23869,7 |
6 | "Солнышко" жеке шағын орталығы ДК Москвина Ирина Витальевна | 25 | 16921,6 | 20000 | 16921,6 |
7 | "Айлана" жеке шағын орталығы ДК Есжанова Фарида Буташевна | 30 | 16921,6 | 20000 | 16921,6 |
8 | Степногорск қаласының білім бөлімінің "Ақсу қентінің № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Балдаурен" шағын орталығы | 40 | 16921,6 | 10000 | 16921,6 |
9 | Степногорск қаласының білім бөлімінің "Степногор ауылының орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қарлығаш" шағын орталығы | 20 | 16921,6 | 10000 | 16921,6 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДК - дара кәсіпкер;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.