РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Степногорск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 03 сәуірдегі № а-4/164 "2017 жылға арналған Степногорск қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5933 тіркелген, 2017 жылдың 18 мамырда "Степногорск ақшамы" қалалық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М.Әбіловаға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі |
Ә.Күмпекеев |
Степногорск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15.11 № а-11/543 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
1 | Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы "Нұршуақ" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 280 | 10000 | 23869,7 |
2 | "Степногорск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы инклюзивті білім беретін "Балауса" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 220 | 10000 | 23869,7 |
3 | "Дарын" жеке балабақшасы "ДС-Дарын" ЖШС | 200 | 15000 | 23869,7 |
4 | "Сказка" жеке балабақшасы ДК Лагута Светлана Васильевна | 165 | 17000 | 22779 |
5 | "Асыл" жеке балабақшасы ДК "Бексултан" | 75 | 18000 | 23869,7 |
6 | "Айлана" жеке шағын орталығы ДК Есжанова Фарида Буташевна | 30 | 20000 | 16921,6 |
7 | Степногорск қаласының білім бөлімінің "Ақсу кентінің № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Балдаурен" шағын орталығы | 40 | 10000 | 16921,6 |
8 | Степногорск қаласының білім бөлімінің "Степногор ауылының орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қарлығаш" шағын орталығы | 20 | 10000 | 16921,6 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДК - дара кәсіпкер;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.