Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 21.04.2022 № С 19-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
3. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 ақпандағы № С 30-2 "Ақкөл ауданының бөлек жергілікті қауымдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4044 тіркелген, 2014 жылғы 4 сәуірде аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины КZ" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Моор |
Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж.Салыбекова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақкөл ауданының әкімі |
Т.Қ.Едігенов |
22 тамыз 2017 жыл
Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № С 14 - 3 шешімімен бекітілген |
Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.
Ақкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу
жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ақкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № С 14 - 3 шешімімен бекітілген |
Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Ескерту. Айқындау жаңа редакцияда – Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ р/с | Ақкөл ауданының елді мекенінің атауы | Ақкөл ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Ақкөл қаласы | 15 |
2 | Ақкөл орман шаруашылығы | 4 |
3 | Ерназар ауылы | 4 |
4 | Радовка ауылы | 5 |
Азат ауылы | ||
Азат ауылы | 10 | |
Еңбек ауылдық округі | ||
6 | Еңбек ауылы | 10 |
7 | Рамадан ауылы | 3 |
8 | Табиғат ауылы | 2 |
Жалғызқарағай ауылдық округі | ||
9 | Жалғызкарағай ауылы | 11 |
10 | Тастыадыр ауылы | 3 |
11 | Қайнар ауылы | 2 |
Қарасай ауылдық округі | ||
12 | Қарасай ауылы | 7 |
13 | Сазды бұлақ ауылы | 3 |
14 | Қына ауылы | 3 |
Кеңес ауылдық округі | ||
15 | Кеңес ауылы | 3 |
16 | Домбыралы ауылы | 3 |
17 | Барап ауылы | 3 |
18 | Красный Горняк ауылы | 2 |
Наумовка ауылдық округі | ||
19 | Наумовка ауылы | 8 |
20 | Өрнек ауылы | 5 |
21 | Кемеркөл ауылы | 3 |
Новорыбинка ауылдық округі | ||
22 | Новорыбинка ауылы | 10 |
23 | Қараөзек ауылы | 3 |
24 | Құрылыс ауылы | 2 |
Урюпинка ауылдық округі | ||
25 | Урюпинка ауылы | 12 |
26 | Амангелді ауылы | 2 |
27 | Малоалександровка ауылы | 2 |
28 | Ерофеевка ауылы | 2 |
29 | Талқара ауылы | 3 |