Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округінің Бұзылық, Сұрған ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 6257 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, халықтың пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 24 қазандағы Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бұзылық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округінің Бұзылық ауылының Пионерская көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне қайта аталсын.

      2. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округінің Сұрған ауылының Ворошилов көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А.Ысқақов

О переименовании улиц сел Бузулук, Сурган Бузулукского сельского округа Есильского района Акмолинской области

Решение акима Бузулукского сельского округа Есильского района Акмолинской области от 7 декабря 2017 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 27 декабря 2017 года № 6257

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения и на основании заключения Акмолинской областной ономастической комиссии от 24 октября 2017 года, аким Бузулукского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Переименовать улицу Пионерская села Бузулук Бузулукского сельского округа Есильского района Акмолинской области на улицу Маншук Маметова.

      2. Переименовать улицу Ворошилов села Сурган Бузулукского сельского округа Есильского района Акмолинской области на улицу Ыбырай Алтынсарин.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким сельского округа А.Искаков