РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, халықтың пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 24 қазандағы Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бұзылық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округінің Бұзылық ауылының Пионерская көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне қайта аталсын.
2. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округінің Сұрған ауылының Ворошилов көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А.Ысқақов |