Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 23.10.2017 № а-9/226 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Л. Сейдахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулының күші 2017 жылға 1 қаңтарынан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Сүйіндіков |
Жақсы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "31" қаңтардағы № а-1/19 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жекеменшік | мемлекеттік | жекеменшік | ||
1 | Балабақша | 205 | 0 | 23870,0 | 0 |
2 | Мектеп жанындағы толық күн қатынайтын шағын орталық | 85 | 0 | 19727,0 | 0 |
3 | Мектеп жанындағы жарты күн қатынайтын шағын орталық | 160 | 0 | 9864,0 | 0 |
кестенің жалғасы:
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға төлемінің мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жекеменшік | мемлекеттік | жекеменшік |
23870,0 | 0 | 10623,0 | 0 |
19727,0 | 0 | 10623,0 | 0 |
9864,0 | 0 | 0 | 0 |