2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы № а-9/226 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қарашада № 6162 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Занының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қантардағы № а-1/19 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5761 тіркелген, 2017 жылдың 2 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Сейдахметоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "23" қазандағы
№ а-9/226 қаулысымен
бекітілген

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға төлемінің мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

1

Балабақша

205

0

23 870,0

0

10 623,0

0

2

Мектеп жанындағы толық күн қатынайтын шағынорталық

85

0

19 727,0

0

10 623,0

0

3

Мектеп жанындағы жарты күн қатынайтын шағынорталық

160

0

9 864,0

0

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады