РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қызылегіс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылегіс ауылдық округі әкімінің "Қызылегіс селосының, Ортағаш селосының, Қарашілік селосының көшелеріне атаулар беру туралы"2009 жылғы 17 тамыздағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтықактілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-117 болып тіркелген, "Бірлік-Единство" газетінде 2009 жылдың 22 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қызылегіс ауылы, Ортағаш ауылы, Қарашілік ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қызылегіс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" сөздері "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылегіс ауылдық округінің әкімі |
С.Сағадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Балтағарин |
2017 жылғы "04" 05
Зеренді ауданының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Е.Шәкіржанов |
2017 жылғы "04" 05