Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" сөздері "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды – Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылегіс ауылдық округі әкімінің 04.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қызылегіс ауылы, Ортағаш ауылы, Қарашілік ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қызылегіс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылегіс ауылдық округі әкімінің 04.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қызылегіс ауылы, Ортағаш ауылы, Қарашілік ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
1) Қызылегіс ауылы:
№ 1 көшеге – Абай Құнанбаев атауы;
№ 2 көшеге – Ақан сері атауы;
№ 3 көшеге – Орталық атауы;
№ 4 көшеге – Кенесары Қасымов атауы;
№ 5 көшеге – Шоқан Уәлиханов атауы;
№ 6 көшеге – Мәншүк Мәметова атауы;
2) Ортағаш ауылы:
№ 1 көшеге – Ардагерлер атауы;
№ 2 көшеге – Мәлік Ғабдуллин атауы;
№ 3 көшеге – Мектеп атауы;
3) Қарашілік ауылы:
№ 1 көшеге – Абылай хан атауы;
№ 2 көшеге – Болашақ атауы;
№ 3 көшеге – Жайлау атауы;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Т.Ахметбеков |
КЕЛІСІЛДІ:
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
В.М.Петрова |
Зеренді ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Ә.М.Райымбекова |