Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 1/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қорғалжын ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қорғалжын ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Б.Досанбаев |
Қорғалжын аудандық | |
мәслихат хатшысы | Ө.Балғабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қорғалжын ауданының әкімі |
Қ.Рыскелдінов |
14.12.2017
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 2/21 шешімімен бекітілген |
Қорғалжын ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қорғалжын ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Қорғалжын ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады. Қорғалжын ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қорғалжын аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауылдың, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 2/21 шешімімен бекітілген |
Қорғалжын ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Р/с № | Қорғалжын ауданының елді мекенінің атауы | Қорғалжын ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қорғалжын ауылдық округі | ||
1 | Қорғалжын ауылы | 31 |
2 | Абай ауылы | 3 |
3 | Біртабан ауылы | 1 |
Сабынды ауылдық округі | ||
4 | Сабынды ауылы | 13 |
5 | Қараегін ауылы | 5 |
6 | Алғабас ауылы | 3 |
Арықты ауылдық округі | ||
7 | Арықты ауылы | 10 |
8 | Сулыкөл ауылы | 2 |
9 | Құлтай ауылы | 2 |
10 | Садырбай ауылы | 3 |
Қызылсай ауылдық округі | ||
11 | Шалқар ауылы | 10 |
12 | Үшсарт ауылы | 4 |
13 | Алмас ауылы | 1 |
Амангелді ауылдық округі | ||
14 | Өркендеу ауылы | 12 |
15 | Жұмай ауылы | 3 |
Коммунар ауылдық округі | ||
16 | Майшұқыр ауылы | 10 |
17 | Құмкөл ауылы | 3 |
Кеңбидайық ауылдық округі | ||
18 | Кеңбидайық ауылы | 10 |
19 | Екпенді ауылы | 1 |
Қарашалғын ауылдық округі | ||
20 | Жантеке ауылы | 14 |
21 | Ұялы ауылы | 3 |
22 | Қарғалы ауылы | 2 |