Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков ауылдық округі әкімінің 07.11.2017 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына сәйкес, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 591 ұсынысы негізінде Широков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Сандықтау ауданының Широков ауылдық округінің Дорогинка ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Широков ауылдық округінің әкімі | С.Казанков |