Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 ақпандағы № 6С-12/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 5803 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 6С-24/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 505-бабына, 509 бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 6С-24/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Бурабай ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесі 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 6С-24/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Щучинск қаласы болып айқындалсын.

      3. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы" 2012 жылғы 27 наурыздағы № 5С-2/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-229 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 12 мамырдағы № 6С-2/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5416 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімінің 1 тармағының 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХІІ (кезектен тыс) сессиясының
төрайымы
Г.Хамзина
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

      14 ақпан 2017 жыл

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
"Бурабай ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А Есполов

      14 ақпан 2017 жыл

  Бурабай аудандық
маслихатының
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 6С-12/3 шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

№ р/с

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Санаттар

1.

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2.

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат


  Бурабай аудандық
маслихатының
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 6С-12/3 шешіміне
2 қосымша

Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге
салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 6С-24/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

№ р/с

Автотұрақтар (паркинтер) санаты

Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту

1.

1 санат

он есе

2.

2 санат

он есе


Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в Бурабайском районе

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 14 февраля 2017 года № 6С-12/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 6 марта 2017 года № 5803.

      Сноска. Заголовок - в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 30.01.2018 № 6С-24/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 505, пунктом 3 статьи 509 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 30.01.2018 № 6С-24/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      1. Установить категории автостоянок (паркингов) согласно приложению 1 и увеличить базовые ставки налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в Бурабайском районе, согласно приложению 2.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 30.01.2018 № 6С-24/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      2. Определить город Щучинск близлежащим населенным пунктом, базовые ставки на земли которого будут применяться при исчислении налога на земли других категорий, выделенных под автостоянки (паркинги).

      3. Признать утратившим силу решение Бурабайского районного маслихата от 27 марта 2012 года № 5С-2/5 "Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Бурабайском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-19-229, опубликовано 11 мая 2012 года в районных газетах "Бурабай" и "Луч").

      4. Признать утратившим силу подпункт 1) пункта 1 решения Бурабайского районного маслихата от 12 мая 2016 года № 6С-2/10 "О внесении изменений в некоторые решения Бурабайского районного маслихата" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5416, опубликовано 23 июня 2016 года в районных газетах "Бурабай" и "Луч").

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
XIІ (внеочередной) сессии
районного маслихата
Г.Хамзина
      Секретарь
районного маслихата
У.Бейсенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Бурабайского района Т.Ташмагамбетов

      14 февраля 2017 года

      Руководитель Республиканского
государственного учреждения
"Управление государственных доходов
по Бурабайскому району"
Департамента государственных доходов
по Акмолинской области
Комитета государственных доходов
Министерства финансов
Республики Казахстан
А.Есполов

      14 февраля 2017 года

  Приложение 1
к решению Бурабайского
районного маслихата
от 14 февраля 2017 года
№ 6С-12/3

Категории автостоянок (паркингов)

№ п/п

Типы автостоянок (паркингов)

Категории

1.

Автостоянки (паркинги) закрытого типа

1 категория

2.

Автостоянки (паркинги) открытого типа

2 категория


  Приложение 2
к решению Бурабайского
районного маслихата
от 14 февраля 2017 года
№ 6С-12/3

Увеличение базовых ставок налога на земли,
выделенные под автостоянки (паркинги) в Бурабайском районе

      Сноска. Приложение 2 - в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 30.01.2018 № 6С-24/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

№ п/п

Категория автостоянок (паркингов)

Увеличение базовых ставок

1.

1 категория

в десять раз

2.

2 категория

в десять раз