Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 ақпандағы № 6С-12/3 "Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С-24/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 6409 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" 2017 жылғы 14 ақпандағы № 6С-12/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5803 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 505 бабына, 509 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Бурабай ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесі 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.";

      2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
XXIV (кезектен тыс)
сессиясының төрайымы
Л.Тюкачева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімі Қ.Қарауылов

      30 қаңтар 2018 жыл

      Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің Ақмола
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
"Бурабай ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндеттерін
атқарушы
А.Едігенова

      30 қаңтар 2018 жыл

  Бурабай аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 6С-24/3 шешіміне
қосымша

Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту

№ р/с

Автотұрақтар (паркинтер) санаты

Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту

1.

1 санат

он есе

2.

2 санат

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады