Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбында және 1-тармағында, "дәрілік заттарды", "дәрілік заттар" сөздерінен кейін "және медициналық мақсаттағы бұйымдарды", "және медициналық мақсаттағы бұйымдар" сөздерімен толықтырылсын;
осы шешімге қосымшаға сәйкес, көрсетілген шешімге қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
Г. ЕРҒАЗИНА | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2017 жылғы 08 желтоқсандағы № 227 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша | |
2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін берілетінқосымша дәрiлiк заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар
№ |
Дәрiлiк заттардың атауы | Аурулар | Халық санаты |
1. | Бозентан, таблетка, қабықпен жабылған, 125 мг | өкпе артериялық гипертензиясы |
диспансерлік есепте тұрған, барлық санаттар |
2. | Силденафил, таблетка 20 мг, таблетка, қабықпен жабылған 50 мг, 100 мг, пленкалық қабықпен жабылған 25 мг, 50 мг, 100 мг | ||
3 | Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді | ||
4. | Риоцигуат, таблетка, пленкалық қабықпен жабылған | ||
5. | Метилпреднизолон, таблетка, 4 мг, 16 мг | жүйелі склеродермия | |
6. | Пеницилламин, таблетка, 250 мг | ||
7. | Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді 10 мг/мл | ||
8. | Кларитромицин, таблетка, 250 мг | жалпы түрленгішті иммундық жетіспеушілігі | |
9. | Итраконазол, ішуге арналған ерітінді, 10 мг/мл 150 мл | ||
10. | Телбивудин, таблетка, пленкалық қабықпен жабылған, 600 мг | вирустық гепатит В нәтижесіндегі бауыр циррозы | |
11. | Инфликсимаб, венаішілік енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ, 100 мг | созылмалы бейспецификалы ойықжаралы колит және Бехчет ауруы | |
12. | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді | ||
13. | Панкреатин, құрамында минимикросфералар бар, ішекте еритін қабықшадағы капсула, 150 мг | туа біткен бауыр фиброзы | |
14. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | ||
15. | Ибандрон қышқылы, таблетка, қабықпен жабылған, 150 мг | арқалық мидің травматикалық ауруы | |
16. | Симепревир, таблетка, 150 мг | С гепатиті | |
17. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | кистоздық фиброз (муковисцидоз) | |
18. | Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, 75 мг/мл 4 мл | ||
19. | Колистиметат натрия, ингаляцияға арналған ерітінді, 1 млн.бірл. | ||
20. | Ацетилцистеин, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған көпіретін таблетка, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ | ||
21. | Аквадекс, оңтайлы сіңуге арналған дәрумендер | ||
22. | Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 500 мг | склеродермия мен жүйелі қызыл жегі ауруымен байланысты ювенильдік дерматомикоз | |
23. | Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді | Бехтерев ауруы, анкилозды спондилит | |
24. | Третиноин, капсула, 10 мг | лейкоз | |
25. | Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 400 мг/ 20 мл, 200 мг/ 10 мл, 80 мг/ 4 мл | ювенилдық артрит | диспансерлік есепте тұрған балалар |
26. | Адалимумаб, инъекция ерітіндісі | ||
27. | Тері астына егуге арналған адам иммуноглобулині, инъекцияға арналған ерітінді, 165 мг/мл | алғашқы иммунодефицит | |
28. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | лейкоз | |
29. | Диазоксид, капсула, 25 мг | туа біткен гиперинсулинизм | |
30. | Декспантенол, крем, май, | буллезді эпидермолиз | |
31. | Октенисепт, зарарсыздандыратын ерітінді | ||
32. | Пронтосан, гель | ||
33. | Судокрем, гипоаллергенді крем | ||
34. | Аргосульфон, крем | ||
35. | Куриозин, гель | ||
36. | Ксемоз, жұмсартатын крем | ||
37. | Липикар, гель-крем | ||
38. | Мамандандырылған байлап-таңу материалдары (адгезивсіз, гидрогелдік, гидроактивтік, гидроколлоидтық таңғыштар, құрамында күміс бар таңғыштар, құрамында хлоргексидин бар таңғыштар | ||
39. | Бетагистин дигидрохлориді, таблетка, 8 мг, 16 мг, 24 мг | жүйке жүйесі аурулары |
Ұлы Отан соғысына қатысушылар - бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi соғысқа қатысушылар; |
40. | Циннаризин, таблетка, 25 мг | ||
41. | Пентоксифиллин, таблетка, 400 мг | ||
42. | Зопиклон, таблетка, 7,5 мг | ||
43. | Тофизопам, таблетка, 50 мг | ||
44. | Симвастатин, таблетка, 10 мг, 20 мг, 40 мг | жүрек-тамырлық жүйесі аурулары | |
45. | Панкреатин, ішекте еритін қабықшадағы таблетка, 10000 ӘБ | ас қорыту органдары аурулары | |
46. | Флуконазол, таблетка, капсула, 200 мг | ||
47. | Лактулоза, ішуге арналған құтыдағы ерітінді | ||
48. | Ранитидин, таблетка, 150 мг | ||
49. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула, 250 мг | ||
50. | Амброксол, шәрбат, 15 мл/ 5 мл, 30 мг/ 5 мл | тыныс алу жүйесі аурулары | |
51. | Хлоропирамин, таблетка, 25 мг | ||
52. | Карбоцистеин, шәрбат, 250 мг/ 5 мл | ||
53. | Ципрофлоксацин, ұзақ босап шығатын таблетка, қабықпен жабылған, 1000 мг | ||
54. | Норфлоксацин, таблетка, 400 мг | несеп-жыныс жүйесі аурулары | |
55. | Доксазозин, таблетка, 1 мг, 2 мг, 4 мг | ||
56. | Финастерид, таблетка, қабықпен жабылған, 5 мг | ||
57. | Тамсулозин, таблетка бақылаулы шығарылуымен, 0,4 мг | ||
58. | Кетопрофен, крем, 2,5% | омыртқа бағаны мен қозғалыс органдары аурулары | |
59. | Гепарин, сыртқа қолдануға арналған гель, 1000 ӘБ/г | ||
60. | Тимолол, көзге арналған тамшыдәрі, 0,25%, 0,5% | көз аурулары | |
61. | Тобрамицин, көзге арналған тамшыдәрі, 0,3% | ||
62. | Дексаметазон, тамшыдәрі, май, 0,1% | ||
63. | Латанопрост, көзге арналған тамшыдәрі, 0,005% | ||
64. | Дексаметазон + тобрамицин, көзге арналған тамшыдәрі, 0,3% | ||
65. | Тетрациклин, көзге арналған май, 1% | ||
66. | Ацикловир, көзге арналған май, 3% |