1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 168 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4032 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйектегі "Жаңалық жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі қаулының қосымшасындағы "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Ибрашов |