Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 168 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 55 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 5365 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 168 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4032 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйектегі "Жаңалық жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қазақ тіліндегі қаулының қосымшасындағы "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Ибрашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады