Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 11.06.2018 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Ырғыз ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ырғыз ауданы әкімідігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 139 "Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда "Ырғыз" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. ЕЛЕУСІЗОВ |
"Келісілді" "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысы |
А. ОСМАНҒАЛИЕВ |
Ырғыз ауданы әкімдігінің 15 ақпан 2017 жылғы № 23 қаулысымен бекітілген |
Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі
№ | Автомобиль жолдары индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KD-IR-154 | Ырғыз-Нұра | 87,970 |
2 | KD-IR-155 | Ырғыз-Құйылыс | 87,555 |
3 | KD-IR-161 | Құйлыс-Жайсаңбай | 60,000 |
4 | KD-IR-157 | Құмтоғай ауылына кіре беріс | 25,290 |
5 | KD-IR-158 | Құтикөл ауылына кіре беріс | 23,000 |
6 | KD-IR-159 | Құрылыс ауылына кіре беріс | 6,875 |
7 | KD-IR-160 | Ырғыз ауылына кіре беріс | 11,400 |
8 | KD-IR-156 | Нұра-Қостанай облысының шекарасы | 33,400 |
Барлығы | 335,49 |