Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 139 "Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 23 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 наурызда № 5310 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 11.06.2018 № 87 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Ырғыз ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ырғыз ауданы әкімідігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 139 "Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда "Ырғыз" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. ЕЛЕУСІЗОВ
      "Келісілді"
"Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы" ММ
басшысы
А. ОСМАНҒАЛИЕВ

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 15 ақпан 2017 жылғы № 23 қаулысымен бекітілген

Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі

Автомобиль жолдары индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KD-IR-154

Ырғыз-Нұра

87,970

2

KD-IR-155

Ырғыз-Құйылыс

87,555

3

KD-IR-161

Құйлыс-Жайсаңбай

60,000

4

KD-IR-157

Құмтоғай ауылына кіре беріс

25,290

5

KD-IR-158

Құтикөл ауылына кіре беріс

23,000

6

KD-IR-159

Құрылыс ауылына кіре беріс

6,875

7

KD-IR-160

Ырғыз ауылына кіре беріс

11,400

8

KD-IR-156

Нұра-Қостанай облысының шекарасы

33,400

Барлығы

335,49


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады