Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 139 "Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген, "Ырғыз" аудандық газетінде 2016 жылы 16 тамызда № 33 жарияланған) қаулысы;
2) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 23 "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 139 "Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5310 болып тіркелген, 2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
3. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Елеусізов |
"Келісілді" "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысы |
А. Османғалиев |
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 87 қаулысына қосымша |
Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 30.12.2022 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KD-IR-1 | Құмтоғай ауылына кіре беріс | 25,3 |
2 | KD-IR-2 | Құрылыс ауылына кіре беріс | 6,9 |
3 | KD-IR-3 | Құтикөл-Жарма-Құйлыс-Жайсаңбай | 160,0 |
4 | KD-IR-4 | Ырғыз-Нұра | 87,970 |
Барлығы: | 280,17 |