Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 16 маусымдағы № 16-07/142 ұсынысы негізінде Аманкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аманкөл ауылдық округінің Құтикөл ауылында ірі қара малдарының арасынан пастереллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Аманкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 04 мамырдағы № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5491 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 мамырдағы "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аманкөл ауылдық округінің әкімі: | А. БАЙМҰХАНОВ |