Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 16 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 мамырда № 5491 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округі әкімінің 04.07.2017 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 16-07/93 ұсынысы негізінде Аманкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аманкөл ауылдық округінің Құтикөл ауылында ірі қара малдарының арасынан пастереллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аманкөл ауылдық округінің әкімі: А.БАЙМҰХАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады