Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 12.03.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 379 ұсынысы негізінде, Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Иттердің арасында құтырық ауруының анықталуына байланысты Терісаққан ауылдық округінің Жаңаталап ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Терісаққан ауылдық округінің әкімі | А. Клютов |