Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 22 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 қаңтарда № 5849 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 3 шешімімен

      Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 12.03.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 379 ұсынысы негізінде, Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Иттердің арасында құтырық ауруының анықталуына байланысты Терісаққан ауылдық округінің Жаңаталап ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Терісаққан ауылдық округінің әкімі А. Клютов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады