Шектеу іс-шараларын алу және Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 22 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қобда аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 9 сәуірде № 3-7-163 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 6 наурыздағы №2-10-3/77 ұсынысы негізінде Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Терісаққан ауылдық округінің Жаңаталап ауылы аймағында иттердің арасында құтыру ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 22 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5849 болып тіркелген, 2018 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қобда ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Терісаққан ауылдық
округінің әкім:
А.К. Клютов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады