Мәртөк ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 109 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 5822 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 17.09.2021 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 340 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Мәртөк ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихаттың сессия төрағасы
И. Шакиров
      Мәртөк аудандық
мәслихат хатшысы
Ә. Әлмұхамбетов

  2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 109 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген

Мәртөк ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәртөк ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Мәртөк аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

      5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелері" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 340 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по Мартукскому району

Решение маслихата Мартукского района Актюбинской области от 15 декабря 2017 года № 109. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 8 января 2018 года № 5822. Утратило силу решением Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 17 сентября 2021 года № 56

      Сноска. Утратило силу решением Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 17.09.2021 № 56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Мартукский районный маслихат РЕШИЛ:

      Cноска. Преамбула – в редакции решения Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 25.12.2019 № 340 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по Мартукскому району.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Мартукского районного маслихата
И. Шакиров
      Секретарь Мартукского
районного маслихата
А. Альмухамбетов

  Утвержден решением Мартукского районного маслихата от 15 декабря 2017 года № 109

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по Мартукскому району
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по Мартукскому району (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется местным исполнительным органом района (далее – местный исполнительный орган).

      4. В целях управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных структурных подразделений (далее – Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами определяется государственное учреждение "Мартукский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог".

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование отходов осуществляется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям".

      Cноска. Пункт 6 – в редакции решения Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 25.12.2019 № 340 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.