Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 31.05.2019 № 191 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Атау жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 08.12.2017 № 464 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекiтiлсiн.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 08.12.2017 № 464 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқыресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Данағұлов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы "12" сәуірде | |
№ 133 қаулысымен бекітілді |
Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 08.12.2017 № 464 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ |
Мектепке дейінгі | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | ||
Балабақша |
Мектеп | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар | ||
1 | Мұғалжар ауданы | 985 | - | - |
Кестенің жалғасы:
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата – аналарының бір күнге төлемақы мөлшері /теңге/ | ||
Балабақша | Мектепжанындағы толық күндік шағын-орталықтар |
Мектеп жанындағы жарты |
Қалалық жердегі орналасқан | ||
400 | - | - |
Ауылдық жердегі орналасқан | ||
400 | - | - |