Мұғалжар ауданы бойынша жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 5460 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 31.05.2019 № 191 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атау жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 08.12.2017 № 464 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 08.12.2017 № 464 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқыресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е.Данағұлов
     

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы "12" сәуірде
  № 133 қаулысымен бекітілді

Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 08.12.2017 № 464 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы /аудан,қала/

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Балабақша

Мектеп
жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар

1

Мұғалжар ауданы

985

-

-

      Кестенің жалғасы:

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата – аналарының бір күнге төлемақы мөлшері /теңге/

Балабақша

Мектепжанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты
күндік шағын-орталықтар

Қалалық жердегі орналасқан

400

-

-

Ауылдық жердегі орналасқан

400

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады