Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 28.01.2021 № 23 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4-тармағы 8-1) тармақшасына, 62 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы және ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 "Мұғалжар ауданы бойынша жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5460 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 464 "Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 "Мұғалжар ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Қобландинге жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Данағұлов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "31" мамырдағы | |
қаулысына қосымша |
Мұғалжар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ р/с | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (кенті, ауыл) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір күндік төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Қандыағаш қаласы | "Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Самал" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 320 | 25 253 | 400 |
2 | Қандыағаш қаласы | "Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Күншуақ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 320 | 25 253 | 400 |
3 | Қандыағаш қаласы | "Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 330 | 25 253 | 400 |
4 | Қандыағаш қаласы | "Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жансая" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 25 253 | 400 |
5 | Ембі қаласы | "Ембі қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Достық" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 120 | 32 500 | 400 |
6 | Ембі қаласы | "Ембі қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 100 | 29 620 | 400 |
7 | Жем қаласы | "Мұғалжар ауданының Жем қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 120 | 29 620 | 400 |
8 | Сағашилі ауылы | "Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Дана" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 29 420 | 400 |
9 | Ақкемер ауылы | "Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Әділ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 37 936 | 400 |
10 | Мұғалжар ауылы | "Мұғалжар ауданының Мұғалжар ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбекжай" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 90 | 41 323 | 400 |
11 | Жұрын ауылы | "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәуле" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 35 500 | 400 |
12 | Қаракөл ауылы | "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№7 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 64 500 | 400 |
13 | Талдысай ауылы | "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Гүлдер" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 50 000 | 400 |
14 | Қайыңды ауылы | "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шапағат" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 34 166 | 400 |
15 | Құмсай ауылы | "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек"бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 68 500 | 400 |
16 | Бірлік ауылы | "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№5 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 43 340 | 400 |
17 | Егіндібұлақ ауылы | "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 68 500 | 400 |
18 | Жағабұлақ ауылы | "Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№3 "Балауса" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 43 340 | 400 |
19 | Саға ауылы | "Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Мөлдір" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 34 166 | 400 |
20 | Алтынды ауылы | "Мұғалжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 58 | 34 166 | 400 |
21 | Көтібар батыр ауылы | "Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№2 Балдырған" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 43 340 | 400 |
22 | Қандыағаш қаласы | "Нұршуақбөбекжайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 29 620 | 400 |
23 | Қандыағаш қаласы | "НУР БАЛА БИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қандыағаш қаласындағы филиалы | 100 | 29 620 | 400 |
24 | Қандыағаш қаласы | "Амалия А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 29 620 | 400 |
25 | Қандыағаш қаласы | "Бақытты бала" балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 150 | 29 620 | 400 |
26 | Ембі қаласы | "НУР ДАНА ГС+" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 150 | 29 620 | 400 |
27 | Ембі қаласы | "Нур-Малика" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 150 | 29 620 | 400 |