Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 26.01.2021 № 11 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Темір аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 "Темір ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5458 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда аудандық "Темір" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Темір ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы";
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Темір ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.";
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Темір ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері";
"Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері /теңге/" төртінші бағаны алынып тасталсын.
2. "Темір аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Шаимовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданының әкімінің міндетін атқарушы |
М. Мұнайтбасов |