Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 қаңтарда № 8034 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 3 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Төлен Дархан Ғазизұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі Ж. Батырхан

  Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысына қосымша

Темір ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 "Темір ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5458 тіркелген, 2017 жылы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      2) Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 262 "Темір аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 "Темір ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5727 тіркелген, 2017 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      3) Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 169 "Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 "Темір ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-208 тіркелген, 2018 жылы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      4) Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 100 "Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 62 Темір ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7130 тіркелген, 2020 жылы 26 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады