Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 26.01.2021 № 11 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 27.11.2017 № 262 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Темір ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 27.11.2017 № 262 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Мұңайтбасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Жүсібалиев |
Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "31" наурыздағы № 62 қаулысына қосымша |
Темір ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 21.05.2020 № 100 қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/с | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (қала, кент ауыл) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір күндік төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Темір қаласы | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Гаухар" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 38 700 | 400 |
2 | Темір қаласы | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Айгөлек" бөбекжай - балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 51 | 44 200 | 400 |
3 | Шұбарқұдық кенті | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балауса" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 164 | 37 500 | 400 |
4 | Шұбарқұдық кенті | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 49 900 | 400 |
5 | Шұбарқұдық кенті | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балақай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 80 | 40 600 | 400 |
6 | Шұбарқұдық кенті | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 75 | 35 900 | 400 |
7 | Шұбарқұдық ауылы | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Жақсымай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 75 | 40 200 | 400 |
8 | Шұбарқұдық кенті | "БЕркежан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 33 000 | 400 |
9 | Қопа ауылы | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңестуы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 49 500 | 400 |
10 | Кеңкияқ ауылы | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 29 500 | 400 |
11 | Саркөл ауылы | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Алақай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 73 600 | 400 |
12 | Құмқұдық ауылы | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 46 600 | 400 |
13 | Кеңкияқ ауылы | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Зере" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 250 | 36 700 | 400 |
14 | Шұбарши кенті | "Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Еркем-ай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 29 500 | 400 |