1. Алтықарасу ауылдық округінің "Арғыжақ бет" қыстағындағы "Нұрсұлтан", "Темірхан", "Шамшырақ" шаруа қожалықтары аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 06 қыркүйектегі № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5071 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қыркүйектегі "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 22 "Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" шешімі жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтықарасу ауылдық округінің әкімі | М. Шуиншалин |