Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 5071 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 02.03.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 08 тамыздағы № 14-01/205 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтықарасу ауылдық округінің "Арғыжақ бет" қыстағындағы "Нұрсұлтан", "Темірхан", "Шамшырақ" шаруа қожалықтары аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі: М. Шуиншалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады