1. Шұбарқұдық кент округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 12 маусымдағы № 201 "Жақсымай бекетіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-77 тіркелген, 2008 жылғы 23 шілдедегі аудандық "Темір" газетіне жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімінің қазақ тіліндегі деректемелерінде және мәтінінде "кент", "поселкелік", "көшелеріне" сөздері "ауылы", "ауылдық", "көшесіне" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі | Қ.Нұралы |