Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімішілік– аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармақшасына сәйкес Шұбарқұдық ауылдық округі Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімінің 22.02.2017 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жақсымай бекетінің халқының пікірін ескере отырып, "Астана қаласының 10-жылдығы" мерекесі қарсанында, Жақсымай бекетінің көшесіне "Теміржол" атауы берілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шұбарқұдық ауылдық округі Әкімі | Н.Қалауов |