1. Ойыл ауылдық округінің Ащықара қыстағындағы "Қанатты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық–санитарлық іс–шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 136 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауылдық округі әкімі | Д. Бисебаев |