Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 189 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 101 "Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-80 болып тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпанында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, мәтінінде және № 1 қосымшасында "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген қазақ және орыс тілдегі шешімінің №1 қосымшасындағы "№1 қосымшаға", "№ 1 қосымша", "в приложению № 1", "приложение № 1" сөздері "қосымшаға", "қосымша", "в приложении", "приложение" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Қ.Төлепбергенов | Д.Молдашев |