Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 101 шешімі. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 9 ақпанда № 3-12-80 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 189 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 189 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауында, мәтінінде және № 1 қосымшасында "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 88 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің № 1 қосымшасындағы "№ 1 қосымшаға", "№ 1 қосымша" сөздері "қосымшаға", "қосымша" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 88 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабын орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. № 1 қосымшаға сай айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Ж.САТОВ Д.МОЛДАШЕВ

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 29 қаңтардағы
N 101 шешіміне
қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2010.07.26 № 195 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.

Рет N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады