Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 22.12.2020 № 414 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 31 "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 тіркелген, 2016 жылдың 09 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі атауында "тәрбие" сөзінен кейінгі "және" сөзі "мен" сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыдағы қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Шілмановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Бердалин |
Хромтау ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы 27 ақпандағы | |
№ 48 қаулысына қосымша | |
Хромтау ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы 10 ақпандағы | |
№ 31 қаулысымен | |
БЕКІТІЛДІ |
Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік – аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі ұйымдарда болу ұзақтығымен | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір күнгі төлемақы мөлшері (теңге) |
Балабақша | Балабақша | Балабақша | Балабақша | |||
1 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі № 1 "Күншуақ" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 100 | 24 531 | 24 531 | 350 |
2 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі № 3 "Айгөлек" бөбекжай- балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 175 | 21 015 | 21 015 | 350 |
3 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі № 4 "Гүлдер" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 300 | 21 050 | 21 050 | 350 |
4 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі № 5 "Ақбота" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 275 | 21 270 | 21 270 | 350 |
5 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі № 6 "Ақкөгершін" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 175 | 21 977 | 21 977 | 350 |
6 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі № 7 "Еркетай" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 280 | 21 984 | 21 984 | 350 |
7 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі № 8 "Тұлпар" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 175 | 21 903 | 21 903 | 350 |
8 |
"Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі | 10,5 сағат | 50 | 30 378 | 30 378 | 300 |
9 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі "Бәйтерек" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 50 | 30 086 | 30 086 | 350 |
10 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі "Балдаурен" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 50 | 31 116 | 31 116 | 270 |
11 |
"Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі | 10,5 сағат | 50 | 30 066 | 30 066 | 350 |
12 |
"Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі | 10,5 сағат | 50 | 26 068 | 26 068 | 350 |
13 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі "Таңшолпан" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 50 | 30 273 | 30 273 | 350 |
14 | "Хромтау аудандық білім бөлімі" ММ-сі "Шаңырақ" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 10,5 сағат | 50 | 30 407 | 30 407 | 350 |
15 | ЖШС "ЕрТөстік" балабақшасы | 10,5 сағат | 50 | 24 522 | 24 522 | 350 |
16 | ЖШС "Гүлнұр" балабақшасы | 10,5 сағат | 25 | 30 998 | 30 998 | 300 |
Аббревиатураның толық жазылуы:
ММ - мемлекеттік мекемесі;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;