Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 15.04.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 27.07.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Ж.Мұқанбетжанов | Д.Молдашев |
Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 шешіміне қосымша |
Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 05.12.2018 № 254 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 2 (екі) пайызы мөлшерінде айқындалады.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 27.07.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 05.03.2021 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-1. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Ескерту. 3-1 - тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 27.07.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 3-2 - тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 27.07.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 05.03.2021 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде №21500 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20498 тіркелген) бұйрығымен айқындалады.
Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 27.07.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
8. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 27.07.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi
10. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:
1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 70 киловатт;
2 адамға – 140 киловатт;
3 және одан да көп адамға – 210 киловатт;
3) газ пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 165 текше метр;
4) қатты отын (көмір) пайдалану нормалары от жағу маусымына:
3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;
4 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
5) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға төленетін өтемақының жалпы соммасынан 50 (елу) пайызы;
7) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
8) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
9) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;
10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді- Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 22.12.2023 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).