Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 "Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 111 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 8478 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 15.04.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 "Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5541 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімен айқындалған Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:

      10 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау аудандық
мәслихатының төрағасы
Э. Болатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады