Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көктау ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 30 қарашадағы № 12 "Көктау ауылындағы елді мекендерге көше атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-107 тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Көктау ауылдық округі Көктау ауылының көше атауларын өзгерту туралы";
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Көктау ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктау ауылдық округінің әкімі | Э. Болатов |