Көктау ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 12 "Көктау ауылындағы елді мекендерге көше атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 24 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда № 5715 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көктау ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 30 қарашадағы № 12 "Көктау ауылындағы елді мекендерге көше атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-107 тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көктау ауылдық округі Көктау ауылының көше атауларын өзгерту туралы";

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Көктау ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көктау ауылдық округінің әкімі Э. Болатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады