1. Шалқар ауданының Бозой селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 7 қазақ тіліндегі "Елді мекендерге көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-105 тіркелген, 2009 жылғы 27 мамырда аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бозой ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Ж. Жұбаназаров |