Елді мекендерге көше атауларын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 7 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 8 мамырда N 3-13-105 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 15.02.2015 № 09 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 03.03.2017 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 03.03.2017 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Бозой ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Қаңбақты және Қоянқұлақ елді мекендерінің көшелеріне төмендегідей атау берілсін.
      1. Бозой ауылдық округіне қарасты Қаңбақты ауылы бойынша батыстан шығысқа қарай солтүстік жақтағы көшеге "Аяққұм" көшесі, оңтүстік жақтағы көшеге "Желтоқсан" көшесі атауы берілсін.
      2. Осы ауылдық округке қарасты Қоянқұлақ ауылы бойынша "Үстірт" көшесі атауы беріліп, осы мекендегі барлық үйлер осы көше атауына біріктірілсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бозой ауылдық округі әкімі: Н. Нұртаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады