Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Шалқар ауданының Қауылжыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар ауданының Қауылжыр селолық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 11 маусымдағы № 14 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-113 тіркелген, 2009 жылғы 29 шілдеде аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қауылжыр ауылдық округінің әкімі | Ж. Мусин |