Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы N 14 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 10 шілдеде N 3-13-113 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 18.11.2014 № 33 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармақшасына және 16 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 18.11.2014 № 33 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Қауылжыр ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Қауылжыр ауылының көшелеріне атау берілсін:

      1) Есет Көтібарұлы көшесі;

      2) Газшылар көшесі;

      3) Үстірт көшесі;

      4) Желтоқсан көшесі;

      5) Абай көшесі;

      6) Дала көшесі;

      7) Мөңке би көшесі;

      8) Әйтеке би көшесі;

      9) Ұран Бақтыбай көшесі;

      10) Тілеу Айтұлы көшесі;

      11) Қауылжыр көшесі;

      12) Жағалау көшесі;

      13) Қазбек би көшесі.

      2. Қауылжыр ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Қайдауыл елді мекенінің көшелеріне атау берілсін:

      1) Теміржолшылар көшесі;

      2) Соленый көшесі;

      3) Қайдауыл көшесі;

      4) Татыр көшесі;

      5) Саршоқы көшесі;

      6) ҚТЖ – 100 жыл көшесі;

      7) Уақбай көшесі.

      3. алынып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 19.01.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. алынып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 19.01.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Қауылжыр ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Ұлпан елді мекенінің көшелеріне атау берілсін:

      1) Казарма көшесі;

      2) Ұлпан көшесі;

      3) Көкбек көшесі;

      4) Татыр көшесі;

      5) Бүйректөбе көшесі.

      Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 19.01.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қауылжыр ауылдық округі әкімі: Ө.М. Алдияр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады