Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 19.03.2018 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3825 тіркелген, 2016 жылдың 20 мамырында "Талдықорған" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Т. Бигужановқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрайымы | О. Яхимович |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Қ. Бұлдыбаев |
Талдықорған қалалық мәслихатының 2017 жылғы "19" сәуірдегі № 96 шешімімен бекітілген қосымша |
Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес әзірленді және Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес "Б" корпусы қызметшісі тікелей бағынатын тұлға, оның тікелей басшысы тұлға болып табылады.
5. Жылдық бағалау:
1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
2) осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.
6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, кадр мәселесімен айналасатын аппараттың маманы оның жұмыс органы болып табылады.
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2- тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
10. Жұмыстың жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп бағаланып жатқан жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманына беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.
3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық
14. Кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Көтермелеу балдары осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
Ескерту. 17 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 27.09.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі қызмет түрлері атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің өсу тәртібімен "+1"-ден "+5" балға дейін бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылған. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусының қызметшісіне тікелей басшымен балл қойылады.
Ескерту. 18 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 27.09.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.
Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжатайналымы қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманының және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" балл мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісімен қол қойылады.
"Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.
26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын келесідей формула арқылы есептейді:
– тоқсандық баға;
a – көтермелеу балдары;
в – айыппұл балдары.
27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады: 80 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 балдан астам – "өте жақсы" қойылады.
5-тарау. Жылдық бағалау
28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындау бағалау парағын жолдайды.
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:
жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін 2 балл;
мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
"Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырады.
32. Кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
– жылдық баға;
– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
"қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл;
"қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл;
"тиімді" мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл;
"өте жақсы" мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;
– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 балдан бастап 3,9 балға дейін – "қанағаттанарлық"; 4 балдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы".
6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
34. Кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
3) осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
35. Комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.
36. Кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
"Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
"Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырылады.
37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр мәселесімен айналысатын аппараттың маманында сақталады.
7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолданады.
41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.
8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
"Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша |
Нысан
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))_______________
Қызметшінің лауазымы: __________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:______________________
_______________________________________________________________
№ р/с |
Мақсаттық көрсеткіштер* |
Күтілетін нәтижелер |
1 | Мақсаттық көрсеткіш 1 | |
2 | Мақсаттық көрсеткіш 2 | |
3 | Мақсаттық көрсеткіш 3 | |
4 | … |
Ескертпе:
* Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.
Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" кораусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-1-қосымша |
Ескерту. Шешім 1-1 қосымшасымен толықтырылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 27.09.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері үшін балл шәкілдері
Балдар | Көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері |
5 балл | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу |
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына уақытылы түзетулер енгізу | |
Қалалық мәслихат депутаттарының сайлаушылар алдында беретін есебіне материалдарды, баяндамаларды сапалы және уақытылы дайындау | |
Басқа мемлекеттік органдардың тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау | |
Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында мемлекеттік органның тиімді қызметін атқаруы үшін ұсыныстар енгізу | |
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бір көзден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу | |
Сайлау округтерінің тұрғындарымен қалалық мәслихат депутаттарының кездесуін ұйымдастыру және өткізу | |
| Аттестациялық, конкурстық, тәртіптік және бағалау комиссиясының қызметін сапалы ұйымдастыру |
Кезекшілік, шұғыл тапсырмаларды орындау үшін жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері жұмысқашығу | |
Қаржы-шаруашылық қызметтің жиынтық жоспарын, бюджеттік жоспарды, қаржыландырудың жеке жоспарларын құру, бекіту | |
Мұрағатқа құжаттарды сапалы өңдеп, өткізу | |
Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін өтініштерді қарау | |
3 балл | Жұмыста уақытша жоқ мемлекеттік қызметшінің лауазымдарын қоса атқару және міндеттерін орындау (10 жұмыс күннен кем емес) |
Қалалық мәслихаттың және тұрақты комиссияларының қызметі туралы мақалалар, жарияланымдар мен ақпараттар дайындау | |
Оқытуға жататын мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерін оқытумен уақытылы қамтамасыз ету | |
2 балл | Ақпаратты қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына және бұқаралық ақпарат құралдарына уақытылы жариялау |
Тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру | |
Мемлекеттік органның өз ерекшелігіне сәйкес жұмысында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру | |
1 балл | Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу (спорттық және мәдени шаралар) |
Қалалық мәслихаттың атынан құттықтау, құрмет және алғыс хаттарының мәтіндерін дайындау | |
Қалалық мәслихаттың сессияларында, тұрақты комиссиялар отырыстарында және аппарат өткізген іс-шараларда бейне және фото түсіру |
Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша |
Нысан
Бағалау парағы
_____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))______________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ р/с | Қызметшінің өзін-өзі бағалауы | Тікелей басшының бағалауы | Ескерту | ||||
Көтермеленетін көрсеткіш | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер |
Көтермеле | Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | ||
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | … | ||||||
Өзін-өзі бағалау нәтижесі: | Бағалау нәтижесі: |
Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша |
Нысан
Бағалау парағы
__________________________________________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)): __________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:
№ р/с |
Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі |
Маңызы |
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері |
Басшының бағалау нәтижелері |
Ескерту |
1 | 1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі |
2-ден 5 ке дейін | |||
2 | 2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі |
2-ден 5 ке дейін | |||
3 | 3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі |
2-ден 5 ке дейін | |||
4 |
… |
Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша |
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
______________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері:
Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) |
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет |
Комиссияның ұсыныстары | |
1. | |||
2. | |||
... |
Комиссия қорытындысы:
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: ___________________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы: ___________________________Күні: ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: _____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)