1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Текелі қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Болысбайұлы Серіге жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б. Унербаев |
Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "27" 03 № 97 қаулысына қосымша |
Текелі қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Текелі қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2013 жылғы 23 шілдедегі № 238 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2424 тіркелген, 2013 жылдың 06 қыркүйегінде "Текелі тынысы" газетінде жарияланған).2. "Текелі қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі "Текелі қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 шілдедегі № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2834 тіркелген, 2014 жылдың 29 тамызында "Текелі тынысы" газетінде жарияланған).
3. "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3687 тіркелген, 2016 жылдың 05 ақпанында "Текелі тынысы" газетінде жарияланған).